2 мыңға жуық жаңаөзендік экологиялық акцияға қатысты
Жаңаөзенде ауқымды экологиялық шара өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық
акциясына 2 мыңға жуық тұрғын қатысты. Қаладағы өндірістер мен кәсіпорын қызметкерлері
300 тонна қоқыс шығарды. Қоғамдық тәртіп пен экологиялық мәдениетті қалыптастыратын
шеберлік сағаттар да ұйымдастырылды. Оған «Заңғар Event» қоғамдық қоры мұрындық
болды.

