«Таза Маңғыстау» челленджі Астанада жалғасты
«Таза Қазақстан»
ұлттық экожобасы енді аймақтық тазалық челлендждеріне жалғасып жатыр. Мәселен,
Астанада өткен сенбілікті Маңғыстау облысының әкім Нұрдәулет Қилыбайтың өзі
бастай келген. Ол елордада оқитын маңғыстаулық жастармен бірге Әбіш Кекілбаев
атындағы аллеяны ретке келтіріп шыққан. Әрине, акцияның мақсаты экологиялық
мәдениетті қалыптастыру.

