Сыр өңірінде ауқымды тазалық акциясы өтті
Сыр өңірінде ауқымды тазалық акциясы өтті. 18 мыңға жуық қызылордалық айналаны қоқыстан арылтып, көгалдандыруға үлес қосты. Ботаникалық баққа қылқан жапырақты көшеттер егіліп, көркейе түсті.
Тазалық акциясы облыс
орталығындағы ботаникалық бақтан басталды. Мұнда 500-ге жуық ерікті азамат
жиылған. Эко белсенділерден бөлек зиялы қауым өкілдері мен жергілікті мәслихат
депутаттары бар. Облыстың жаңа әкімі Мұрат Ергешбаев та тазалық науқанына үлес
қосып, көппен бірге қарағай көшетін екті.

