Тазалыққа үлес – қоғамға үлгі
Экологиялық акция Ұлытау өңірінде де өтіп жатыр. Сәтбаев
қаласындағы түрлі ұйым өкілдері қала көшелерін ретке келтірді. Бастамаға
оқушылар да қолдау көрсетті. Олар қаладағы «Бабыр би» аллеясының аумағын
тазартып, қалдықтар мен қоқыстарды шығарды.

