Арқалықта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Арқалықта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Өткен демалыс күндері Арқалықтағы 4 колледж бен 1 университет студенттері түгел сенбілікке шықты. Олар жаңадан салынып жатқан оқу корпусының жан-жағын ретке келтіріп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы аллеяны абаттандырды. 500 дей қарағай көшетін отырғызды. Қоғамдық орындардың тазалап, күл-қоқысын сыртқа шығарды. Жалпы Қостанай облысында 53 мың тал егелмек. Соның 4 мыңы Арқалықта тамыр жаймақ. Алдағы жылдары Торғай даласын Батыс өңірлермен қосатын ірі автожол құрылысы басталады. Бұл Арқалықтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін жобалардың бірі.