«Таза ойындар» экологиялық акциясы өтіп жатыр

«Таза ойындар» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Қостанай облысында «Таза ойындар» экологиялық акциясының ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Қазір мұндай сайыстар өңірдің әр аудан-ауылында өтіп жатыр. Ойынның шарты бойынша әр команда қоқыс жинап бәсекеге түседі. Осылайша бір күннің ішінде бірнеше тонна пластик қалдық пен темір-терсек жиналды. Әр қапқа ұпай беріледі. Ең көп балл жинаған команда жеңімпаз атанады. Көңілді әрі пайдалы бастамаға отбасымен келіп, қатысып жатқандар да бар.