Жетісу жастары тазалық акциясын өткізді
Жетісу жастары
қатарынан екі қоғамдық міндетті атқаруға кірісті. Біріншісі – «EcoKeruen» атты
экологиялық акциясы шеңберінде Талдықорған қаласының ішін қоқыстан толық
арылтып шықса, екінші «Таза Қазақстан» республикалық науқанына қосылып, өңірді
көгалдандыруға қатысып жатыр. Эко-керуенге кемі 80 ерікті қосылған. Жергілікті
жастар қауымдастығы экобелсенділер ұйымдастырған акцияның мақсаты – қоғамдық
ортада экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға
тұрғындарды шақыру. Үйреншікті сенбіліктен өзгешелігі акцияға жай еріктілер
ғана емес, техникалар да тартылып, өзен-су ағыстарын да тазалап шығуда. «7 өзен»
акциясы 13 сәуірден бері жүріп жатыр.

