Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы плоггинг түрінде өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы плоггинг түрінде өтті

Түркістан облысында ерекше форматтағы тазалық шарасы ұйымдастырылды. Белсенді жастар мен тұрғындар қоқыс пен қалдықты плоггинг түрінде, яғни жүгіріп жүріп жинаудан жарысты. Сайысқа 500-ден аса ерікті қатысты. Сондай-ақ, 15 арнайы техника тартылды. Ал, акцияның нәтижесінде 300 қаптан аса қоқыс шығарылды. Айрықша белсенділік танытқан командаларға жүлде берілді. Яғни, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Кентау қаласында мұндай ерекше сайыс түрі алғаш 2023 жылы ұйымдастырылған. Содан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.