1 сағатта 24 мың пластик бөтелке жиналды

1 сағатта 24 мың пластик бөтелке жиналды

Атырауда небәрі бір сағатта 24 мың пластик бөтелке жиналды. Тазалық акциясына әсіресе, балалар белсене қатысты. Осылайша ұйымдастырушылар «кішкентай тұрғындардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті жастайынан қалыптастыруға тырыстық» дейді. Ал жан-тәнімен еңбек еткен балаларға балмұздақ таратылды. Айта кетейік, аймақта жыл басталғалы 100-ден аса сенбілік өтті.