«Restart» жобасының көшпелі эко-сенбілігі өтті

«Restart» жобасының көшпелі эко-сенбілігі өтті

Пластиктерді кәдеге жарату бойынша стартап жобаларды демеушілер қаржыландырады. «ReStart» эко акциясының көшпелі сенбілік Шымкентте өтті. Еріктілер қаладағы  ең үлкен «Бадам» су  қоймасының демалыс аймағын тазалады. Жастар пластмасса мен шашылған қағаз қалдықтары бөлек-бөлек жинап, арнайы көліктерге тиеді. Акцияның басты мақсаты жастарға  «Қалдықсыз қоғам» қағидатын ұғындыру.