Қалада тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы қайтадан қарқын алды.
Қазір қаладан күніне 25-30 тонна қоқыс шығарылады. Шағын аудандарда санитарлық
тазалық күн сайын жасалады. Бұл іске 400-ге жуық коммуналдық сала қызметкерлері
жұмылдырылады. Олар қаладағы тазалық, абаттандыру, жасыл желектердің күтімі,
шамдарды ауыстыру секілді жұмыстармен айналысады. Тұрғындар да тыс қалып жатқан
жоқ. Олар да бүлінген жаяу жүргінші жолдарын, вандализм салдарынан қираған
орындықтарды және қоқыс жәшіктері қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.

