Сарайшық қалашығында мәдениет қызметкерлері 100-ге жуық ағаш отырғызды

Сарайшық қалашығында мәдениет қызметкерлері 100-ге жуық ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы ел бойынша жалғасып жатыр. Атырау облысындағы Сарайшық қалашығында мәдениет қызметкерлері 100-ге жуық ағаш отырғызды. Осылайша олар жалпыұлттық бағдарлама аясында тарихи нысанды көркейтуге, абаттандыруға үлес қосты. Бастама тазалық сипатқа ғана ие емес. Жастардың бойында қоршаған ортаға құрмет қалыптастырып, олардың экологиялық мәдениетін көтеруге де бағытталған.