Эко-акцияға блогерлер тартылды
Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолғы тазалық жүргізу науқаны қаланың 5 ауданында қатар жүрді. Экологиялық шараға қала тұрғындарымен қатар белсенді жастар және шаһардағы белді блогерлер де қатысуға келген. Акция барысында қаладағы өзен-көлдердің аумағы мен аула біткеннің бәрі қоқыстан толық тазартылып шыққан. Қулаған талдарды кесіп, жұрт көшелерді ретке келтіріп жатты. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты табиғатты қорғау әрі оған жастарды тарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Шымкенттіктер бұл бір реттік науқан болып қалмайды дейді.

