«Таза бейсенбі» 45 рет ұйымдастырылды

«Таза бейсенбі» 45 рет ұйымдастырылды

45-ші рет ұйымдастырылған шарада 42 тонна қоқыс жиналды. Шымкентте кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Оған белсенді жастар мен коммуналдық мекеме қызметкері ғана емес, жүздеген қала тұрғыны қатысты. Олар Қаратау ауданының аумағындағы көпқабатты үйлер мен балалар алаңдарын, жол бойында шашылған қоқыстарды мен қураған жапырақтарды жинады. Аяқжолдарды сыпырып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Тазалық акциясына жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам атсалысқан. Игі бастама ірі мегаполисте экологиялық мәдениетін қалыптастыруға  ықпал етіп келеді,- дейді жастар.