«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Өңірде жалпықалалық
сенбілік өтіп, қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді. Заңсыз құрылыс пен жарнамалар
ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды тазартты.
Облыс көлемінде 800-ден астам ауқымды сенбілік өтті. Оған 299 мыңнан астам
тұрғын ат салысты. 1 млн-нан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылған.

