Экоакцияға Астанадағы театр ұжымдары қосылды

Экоакцияға Астанадағы театр ұжымдары қосылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл науқанға Астанадағы театр ұжымдары қосылды. Сахналық костюмдерін жұмыс қолғабына ауыстырған әртістер театрдың сыртын реттеп, қоқыс жинап, аумақты абаттандырды. Мәдениет тек театрда ғана емес, өзге жерде де қалыптасуы керек деген әртістер экоакцияға қатысуды әдетке айналдырамыз дейді.