Үлкен Алматыда үлкен тазалық акциясы өтті
"Таза Қазақстан" республикасы аясындағы тазалық акциялары жалғасып жатыр. Бұл жолы "Ионосфера институтының" қызметкерлері Іле Алатауы ұлттық паркімен бірлесіп, Үлкен Алматы көлі аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізіп шықты. Оған еріктілер де тартылған. Алматының негізгі ауыз су көздерінің бірі саналатын бұл жер туристер көп келетін мекен. Әрине, демалушылардың бәрі бірдей тазалық талаптарын сақтай бермейді. Сондықтан жиналған қоқыс көп шықты. Дені пластикалық бөтелер мен түрлі сусын құтылары. Тазалық шаралы мұнда әлі де жалғасады.

