Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті

Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті

Жетісу облысында туристік аймақтарды тазартуға бағытталған экоакция өтті. Шараға қатысқандар Текелі қаласында шеттен келгендер жиі баратын табиғи аумақты тазалап шыққан. «GreenSteppe» экологиялық акциясы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Қатысушылар табиғи парктегі басты демалыс орындарды аралап, барлық шашылған қоқысты жинады. Жыл басынан бері Жетісу облысында өткізілген экоакциялар мен сенбіліктерге 17 мыңнан астам адам қатысыпты. Мың жарымға жуық тонна қоқыс жиналып, 32 саябақ пен сквер тазартылған. Қосымша 17 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылыпты.