50 аула абаттандырылды

50 аула абаттандырылды

Оралда 50 аула абаттандырылды. Қала жастары орталық көшедегі ойын алаңын ретке келтірді. Сенбілікке жастар ресурстық орталығы мен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйытқы болды. Қажетті құрал-жабдықтарын сайлаған еріктілер ертемен іске кірісті. Ең алдымен аумақты көң-қоқыстан тазалады. Арам шөптерден арылтып, ойын алаңдарын сырлады. Игі іске 30-ға жуық студент атсалысты. Олар осылайша көпке үлгі болсақ, - дейді.