«Clear - FEST» спорттық-экологиялық фестивалі
Еліміздің солтүстігінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Clear
- FEST» спорттық-экологиялық фестивалі өтті. 50-ге жуық адам жеті командаға
бөлініп, қоқыс жинап жарысты. Ол үшін 40 минут уақыт берілді. Осылайша
тұрғындар Петропавлдағы жалғыз жағажайды ретке келтірді. Ұйымдастырушылардың
сөзінше, мұндай акция айналаны тазартып қана қоймай, оқушылар мен студенттердің
бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады. Фестиваль
қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 800-ге жуық
іс-шара өткен.

