100 қадам – 100 сенбілік

100 қадам – 100 сенбілік

100 қадам – 100 сенбілік. Жетісу облысында экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған ірі бастама қолға алынды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл жоба барысында жыл соңына дейін өңірдің әр аудан мен қаласында 100 эко-шара өткізілмек. «Әрине, мақсат - сан емес, сапа», - дейді ұйымдастырушылар. Бүгін акцияның бірінші күні облыс орталығынан бастау алды. Сенбілікке шамамен 50 белсенді қатысқан. Арасында еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары бар. Тазалықты «Талдықорған» қаласына кіреберіс жазуынан бастады.

 

Медет Ануарұлы, «Жетісу жастары» КММ маманы:

- Жетісу жастарының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 қадам» акциясы ұйымдастырылып отыр. 25 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Бұл акцияға біздің «Таза» эко-клуб волонтерлары қатысып жатыр және колледждардан еріктілер.