Қоқыс өртейтін үш зауыт салынады

Қоқыс өртейтін үш зауыт салынады

Қазақстанда қытайлық инвесторлар 293 миллиард теңгеге үш қоқыс өртейтін зауыт салатын болды. Иә, кей қоқыстан өңдеп емес өртеп құтылуға тура келеді. Жаңа орталықтар олардың түтінінен тарайтын зиянды заттарды айырып, экологияға кесірін тигізбестен жойып жібереді. Құрылыс биыл басталса, екі жылда қолданысқа беріледі,- деп отыр жауаптылар. Үш зауыт үш мегаполисте орналасады. Қоқыс өртеу орны әуелі Астанада іске қосылуы мүмкін. Одан кейін Алматы мен Шымкентте ашылады. Министрліктің мәліметінше, толып тұрған полигондарды босатып, қайта өңделетін қалдықтардың үлесі 40 пайызға дейін артпақ.


Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Биыл инвесторлармен тиісті келісімдерге қол қойдық. Инвестициялардың жалпы көлемі – 293 млрд теңге.