Орманды қалпына келтіру – үздіксіз әрі ұзақ мерзімді жұмыс

Орманды қалпына келтіру – үздіксіз әрі ұзақ мерзімді жұмыс

Сәуір айынан бері «Семей орманы» табиғи резерватында 211 өрт тіркелді. Тілсіз жау 1100 гектардан астам жерді шарпыған. Отттың шығуына көбіне найзағай, электр желілеріндегі ақау, тұрғындардың немқұрайлылығы және далалық өрттің орманға ауысуы себеп болған. Осы жағдайларға байланысты мамандар жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мәселен, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында резерват қызмткерлері студенттерге арнайы дәріс өткізіп, табиғатты қорғаудың негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың айтуынша, орманды қалпына келтіру – үздіксіз әрі ұзақ мерзімді жұмыс.

 

Айдана Сабыржан ,Семей орманы резерватының инженері:


- Семей орманының басты мақсатымыз Мемлекет басшысымыздың Абай обл 21-27 ж аралығындағы көркейту, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу. Осы акция аясында 21 мың астам жерге 100 млн артық ағаш отырғызып тастадық. Қазір 2023ж алапат өрт болған жерде орманды қалпыа келтіру жұмыстары басталып кетті. Тәжіриебелік мақсатта біз блок тәсілі бойынша, яғни өзіміздің тәсіл емес, басқа ерекше блок тәсілі бойынша 13,5 га жерге ағаш отырғыздық.