2025 жылы «Taza like», «Ayala» және басқа да экологиялық акциялар жалғасады
Халықтың экологиялық әлеуетін көтеруге бағытталған шаралар биыл да жалғасын табады. Мәселен, «Taza Like» жобасы қоғамдық ұйымдарды, ғалымдарды және қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді. Мақсаты — экологиялық проблемалардың шешімін іздеу.

