«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының мәні - қоғамдық сананы жаңғырту

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының мәні - қоғамдық сананы жаңғырту

«Таза Қазақстан» акциясының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту. Президент ғалымдармен өткен жиында жалпыұлттық бастаманың идеологиялық мақсатын тағы бір мәрте қоғам үшін түсіндіріп кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде: «Қоғамда тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор. Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өткен жөн. Бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен шектелмейді», – деді. Бұл акция арқылы азаматтарымызды қастерлі Отанымыз – Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру. Жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, дамуға жол ашылады. Бұл – өркениетті мемлекеттер мен халықтардың барлығына ортақ ұстаным. Осы құндылықтар жаңа Ата Заңда да айқындалған. «Біз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдық. Нақты жетістіктеріміз бар. Бұл – ең алдымен, сапалы адам капиталы», – деп сөзін аяқтады Президент.