Экосағат: «Таза Қазақстанға» бір қадам
«Қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ парыз». Ұлытау колледждерде осындай тақырыппен экосағат ұйымдастырылды. Студенттер қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық қауіпсіздік жөнінде дәріс тыңдады. Экологиялық мәселелерді талқылап, түрлі зияткерлік тапсырмалар мен пікірталастарға қатысты. «Қоқысты азайту, сұрыптау және қайта өңдеу» тақырыбында волонтерлармен кездесу өтті.

