Алматы ағаштарын қорғаудың тың тәсілі

Алматы ағаштарын қорғаудың тың тәсілі

Алматыда жасыл желектерді зиянкестерден қорғаудың бірінші кезеңі аяқталды. Енді ағаштар мен бұталар химиялық қана емес, сондай-ақ биологиялық қауіпсіз құралдармен де өңделеді. Бұл жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі және төрт кезеңге жоспарланған. Келесі, яғни екінші кезең, бірінші маусымда басталады деп жоспарланған. Өңдеу барысында адам мен жануарға зиянсыз, климатқа бейімделген биопрепараттар мен төмен қауіпті химиялық құралдар қолданылып жатыр. Жаңа тәсіл өсімдіктердің жағдайын жақсартып, зиянкестердің санын азайтуға едәуір жәрдемші деседі.