Өркениетті елдің басты сипаты – тазалық пен тәртіп
Жарлықпен жасалатын, Өкіммен орындалатын шаруа емес.
Тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы
қажет. Президент «Таза Қазақстан» экоакциясының нәтижесін туристер аңғарып,
өзгелер үлгі тұтып жатқанын айтты. Әрине, шетелдіктердің мақтағаны жақсы. Бірақ
тазалық өзгелерден бұрын өзімізге керек, - деді Президент. Өйткені өркениетті
елдің басты сипаты – тазалық пен тәртіп.

