Қоқыс жинап, балмұздақ ал! Кентауда тазалық жарысы өтті

Қоқыс жинап, балмұздақ ал! Кентауда тазалық жарысы өтті

Ерекше тазалық жарысы Түркістан облысында да өтті. Балалар қоқыс жинап, оның өтеуіне тәтті балмұздақ алды. Экология мен тәрбие қатар өрілген бұл бастама «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тазалыққа үндеген акцияға қала көшелерінің кішкентай тұрғындары белсене қатысты. Олар көпқабатты үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, шын жанашырлықпен еңбек етті. Жарыс соңында қатысушыларға балмұздақ пен ойыншықтар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық марафоны мұнымен тоқтамайды.