5 мың алматылық экологиялық акцияға қатысады
Алматыда үлкен экологиялық акция өтеді. Іс-шара республикалық «Таза
Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылмақ. Бір айға жуық уақыт бойы
алматылықтар көшелерді қоқыстан тазартып, көгалдандыру және экологиялық
мәдениетті арттыру бағытында 19 іс-шара жоспарланған. Оған шамамен 5 мыңнан
астам тұрғын қатысып, 23 нысанда тазалау және көгалдандыру жұмыстары
жүргізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар қоқыс жәшіктері мен аялдамалар
жаңартылып, жасыл аймақтар ретке келтіріледі. Қала тұрғындарына арналған
экологиялық акциялар мен ағарту шаралары да өтпек. Мамандардың айтуынша, бұл
бастама Алматының экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарды табиғатқа ұқыпты
қарауға үндейді. Экологиялық айлық қарашаның басына дейін жалғасады.

