Таразда «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Таразда «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Тараз қаласы іргесіндегі Аса ауылында  қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бұл жолғы тазалық жұмыстары Таразды Аса–Қаракемер–Өрнек ауылдарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар күре жолдың бойында жүргізілді. Акцияға аудан жастарымен қатар, партия өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, спорт саласының мамандары, жалпы 100-ге жуық адам қатысты. Күннің салқындығына қарамастан, көпшілік  экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге белсенді атсалысып, тұрғындарға қоршаған ортаны ластамауға шақырды. 20 шақырым жол бойы қоқыстан тазартылып, арық-атыздар, қураған ағаштар жиналды. 

 

Талап Әбдібеков, Аса аулының тұрғыны:


- Жұмыс қарқынды жүруде. Басты мақсатымыз аудан тұрғындарын тазалық сақтауға шақыру. Аса ауылы мен Ақтөбе ауылы бағытындағы жолдың бойын тазаладық және Аса мен Өрнек ауылдық округі ортасындағы жол бойын тазалау жұмыстары ұйымдастырылуда.