Экологиялық челлендж басталды

Экологиялық челлендж басталды

Түркістандық кәсіпкерлер экологиялық челлендж бастады. Олар өз мекемелерінің аулаларын қоқыс пен ретсіз жарнамалардан тазартып, 300-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті насихаттап, аймақтың тазалығына үлес қосу. Челендж «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, аудан мен қалалардағы кәсіпкерлерге жолданды. Айта кетейік, бағдарлама аясында өңірде 7 263 іс-шара бекітілген. Жоспарға сәйкес, әр күнде 30-40 елді мекенде тазалық жұмыстары ұйымдастырылмақ. Бүгінге дейін 400 мыңнан астам көшет отырғызылып, 5 мың тонннадан астам қоқыс тазартылған.