«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тың бастама
Тараздық оқушылар қоқыс жинаумен шектелмей, суды үнемдеп, полиэтилен қалта, пластик бөтелкеден бас тартатын эко челленджді бастамақ. Сондай-ақ, жәй ғана сауықтыру емес, қоршаған ортаны қорғайтын эко- лагерлерге баруы мүмкін. Онда, табиғат аясындағы жорықтарға шығып, бұлақ көзін ашуды, өсімдіктер мен жануарларды бақылауды үйренеді. Қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған кездесуде оқушыларға экологиялық мәдениетті арттыру , қоқыспен күрес жолдары түсіндірілді. Жас белсенділер өз ұсыныстарын ортаға салып, мәселеге қатысты тиімді шешімдерді бірге талқылады.
Дамира Боранғазы, оқушы:
- Бүгінде елімізде экологиялық мәселелер өзекті болып
отыр. Сондықтан, біз оқушылар мұны тереңірек зерттеуге көштік. Тек, айналаны
тазартып қоймай, экология неден бұзылады? Қалай тазартамыз деген мәселеге мән
береміз.

