Қоқысты қайта өңдейтін 67 зауыт салынады

Қоқысты қайта өңдейтін 67 зауыт салынады

Соңғы екі жылда елде 7 қоқыс полигоны ғана ашылса, 100-ге жуығын салу туралы жоспар тек қағаз бетінде  қалып келеді. Бүгін Үкімет отырысында қоқыс мәселесі май шаммен қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов әсіресе қалдықтарды қайта өңдеу ісінде кем-кетік көп деп, қатты сынға алды. Жалпы, қазір елімізде 3 мыңдай полигон бар. Бірақ көбі ауызы-мұрнынан толып тұрады. Кесірінен рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу әдеті белең алып кеткен. Былтырдың өзінде осындай 5 мың орын анықталған.