«Таза Қазақстан»: 5 аудан жұрты қатысқан үлкен сенбілік

«Таза Қазақстан»: 5 аудан жұрты қатысқан үлкен сенбілік

«Таза Қазақстан» акциясы Шымкентте жалғасты. Мұндағы экологиялық науқанға шаһардағы бес бірдей ауданның халқы түгел қатысып жатыр. Бұл бір жағы миллиондық тұрғыны бар қаланың коммуналдық қызметіне үлкен жәрдем болды. Сенбілік форматында өткен тазалық кезінде арық біткеннің бәрі қоқыстан жиналып, жолдар сыпырылды. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында әбден сарғайған шөптер орылып жатты. Акцияға қатысқандар арасында қарттар да бар. «Таза Қазақстан» бұл акция емес, сүйікті қаламыздың көрікті келбетін сақтау үшін экологиялық мәдениетті қалыптастыру құралы дейді акцияны ұйымдастырушылар.