«Таза Қазақстан»: жастар қарияларға қолғабыс болады

«Таза Қазақстан»: жастар қарияларға қолғабыс болады

«Таза қала – таза жүрек». Петропавлда осындай атаумен қайырымдылық шарасы басталды. Жастар жалғыз тұратын 30 зейнеткерді қамқорлыққа алып, оларға қыс бойы қолғабыс етпек. Жалғыз ілікті қариялардың отын – көмірін кіргізіп, ауладағы қарды тазалайды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 30 мыңға жуық адам қатысқан. Өңірде апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, қоғамдық орындар абаттандырылды.


 

Айсұлу Бекімова, Қалалық жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы:

- Бұл үйде мүгедектігі бар адамдар тұрады. Сондықтан біз оларды қамқорлыққа алып, әрдайым көмектесеміз. Игі дәстүрге айналған  бастама жастардың тәрбиесіне де оң әсер етеді. Кейінгі буынның жанашырлығын көрген қариялар да марқайып қалады.