«Таза Қазақстан» акциясына 6 млн астам адам қатысқан

«Таза Қазақстан» акциясына 6 млн астам адам қатысқан

Қазақстанда экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Оған сәйкес, қалдықтардықтарды тастау енді спутник арқылы бақылауға алынып, жіті тексеріледі. Қазір мәжіліс депутаттары сарапшылармен кездесіп, ұсыныстар мен жан жақты пікірлерді саралап жатыр. Сондай-ақ, жиындардың бірі бүгін Президенттік орталықта өтті. Онда «Таза Қазақстан» акциясының негізгі қорытындылары айтылып, тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі талқыланды.