Алматы ең жасыл қала статусын сақтап қалмақ
Көк желекті көбейту науқаны Алматыда да өтіп жатыр. Мұнда шамамен 19 мың көшет отырғызылған. Енді жыл соңына дейін тағы 550 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Игі бастамаға қала тұрғындары да белсене үлес қоспақ. Қаланың ажарын ашуға тиіс ағаштардың қатарында жөке, шаған, қарағаш, қарағай, күміс үйеңкі мен шырша бар. Әрине, Алматы ең жасыл қала болып есептеледі. Бірақ уақытылы жаңартпаса, қарағаштардың дені қартайған.
Қуаныш Көшербаев Алматыда 20 жыл тұрады. Кейінгі бес жылда қалада ағаш отырғызу науқанына белсенді қатысып келеді.
Қуаныш Көшербаев, қала тұрғыны:
- Алдыңғы жылдары екі немеремді әкеліп, осы жерге бірге отырғызып ағашты. Сондай керемет үлгі болсын деп, кейінгі жастарға үлгі болсын. Әрбір жастар осылай келіп, бір-бір ағаш отырғызса қандай керемет. Алматы қаламызды жасыл қала негізінде осындай Алматының осындай ағаштарын көбейтіп, үлкен көркем Алматы жасауымыз керек. Бәріміз, әрқайсымыз Алматы тұрғыны осындай ат салысу керек.
Қалада 4 миллионнан астам ағаш бар, оның жартысы саябақтар мен көше бойында өсіп тұр. Биыл 7 мыңнан астам ірі ағаш, шамамен 40 мың көшет пен 550 мың бұта отырғызу жоспарланған. Олар негізінен көлік қозғалысы көп негізгі көшелерге егіледі.

