Жайық жастары экологиялық акцияға қатысты
Жайық жастары жаппай жалпыұлттық экологиялық акцияға қатысып жатыр. «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде олар Орал шаһарындағы барлық балалар ойын алаңдарын реттеп шығуды ұйғарған. Яғни, ауладағы қоршауларды, орындықтар мен ойын құралдарын сырлап, жаңа кейіпке келтіруге кіріскен. Игі істі жүзеге асыруға оралдық кәсіпкерлер атсалысып, қаржылай қолдау көрсетіпті. Бұл бір жағынан оралдық кішкентай тұрғындарға да жақсы үлгі. Ойнайтын алаңдарын олар да күтіп, таза ұстауға үйренуі тиіс. Оған үлкендер осылай үлгі көрсетуі қажет дейді акцияны ұйымдастырушылар. Жайық жастары кемі 50 ойын алаңын реттеп шығуға жоспар құрыпты.

