«Таза бейсенбі» науқаны

«Таза бейсенбі» науқаны

Атырауда «Таза бейсенбі» акциясы басталды. Оған қатысуға, әсіресе, жастар арасында белсенділік өте жоғары. Бұл қуантатын жағдай. Себебі тазалыққа ерте жастан үйреніп, әдеп пен мәдениетке әдетке айналдыру әрбір азаматтың өзі үшін қажет. Ал оны ұғынып, санасымен түсінген жастардан айналасың. Міне, осыны жадыларына түйген атыраулық жас өрендер қан майданда ерлікпен қаза тапқан батырлардың құрметіне арнап қойылған қала ішіндегі ескерткіштер мен саябақтарды қоқыстан тазалап, шетінен ретке келтіріп жатыр. Тал-терек түптерін қопсытып, бәрін әктеп шыққан. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Таза бейсенбі» науқаны аудандар да жүргізілуде. Жалпы сенбілік науқаны әр апта сайын түрлі тақырыппен мұнда күн жылығаннан бері өткізіліп келеді.