Абай облысында 182 заңсыз қоқыс орны анықталды
Абай облысында «Қазақстан ғарыш сапары» геопорталы арқылы 182 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы тіркелді. Оның 70-тен астамы Семей қаласының аумағында орналасқан. Экология департаменті «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз төгілген қоқыс орындарын жоюға кірісті. Бүгін шаһардың шеткі аудандарында бейберекет қалдықтар арнайы техникамен шығарылды. Бір апта ішінде мұндай аумақтардан 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналған. Жалпы акция басталғалы бері өңірде 30 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Дегенмен, тұрғындардың заңсыз қоқыс тастау деректері әлі де азаймай тұр.Тазалықты қадағалауда кемшілік жібергені үшін Бесқарағай, Бородулиха, Жарма Аягөз ауданының әкімдеріне және Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына айыппұл салынды.

