Таза Қазақстан: Жас өнертапқыштардың жобалары таныстырылды
Жетісуда қоршаған ортаны қорғаудың цифрлық шешімдері таныстырылды. «ECO IT: Тазалыққа жол!» деп аталатын хакатонда жас өнертапқыштар су үнемдейтін, қоқыс жинайтын, сұрыптайтын, ауаны тазарта алатын өздері ойлап тапқан тың жобаларын ұсынды.
Рамазан
Өмірғали бұл хакатонда агротехнология саласына арналған жобасын ұсынды. Мектеп
оқушысы жасанды интеллект арқылы ауыл шаруашылығын экологиялық тұрғыдан тиімді
етуді көздеп отыр. Ол бұған дейін де түрлі хакатондарда бақ сынаған. Google
ұйымдастырған инновациялық байқауда да оның жобасы қаржылай қолдауға ие болды.
Рамазан
Өмірғали, Хакатон қатысушысы:
- Жасанды интеллект суару, климатты бақылау
және өсім процесін өздігінен басқарады. Қарапайым тілмен айтқанда, адам тек
дайын өнімді - жидектерді жинайды, қалғанының бәрін жүйе өзі атқарады. Жобаның
экономикалық қайтарымы жоғары әрі әлеуеті зор.
Жалпы
хакатонға өңірдің жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептерінен 12 команда
қатысып, экология бағытындағы цифрлық және әлеуметтік жобаларын таныстырды.
Әділет
Алмекеев, Ұйымдастырушы:
- Бұл
іс шарамыздың мақсаты осы жастар арасындағы «Таза Қазақстан», осы қоршаған
ортамыздағы тазалықты сақтау бойынша тың идеяларды жастардан тек қана жинап
алып қана қоймай, сол идеяларды іске асыруға тырысатын боламыз.
Хакатон
қорытындысы бойынша «ECO Next», «Help Hand» және «Taza Code» жобалары үздік деп
танылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Таза Қазақстан акциясы аясында
ұйымдастырылған мұндай алаңдар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып,
нақты бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Авторы: Пана Анитова

