Жасыл ел» жасағы қаланы абаттандыруға үлес қосты
«Жасыл ел» еңбек жасағы да «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысып келеді. Бұл жолы жүзге жуық жас өрен Астанадағы Ырыскелді қажы мешітінің ұжымымен бірлесіп, абаттандыруға үлес қосты. Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасы 14 пен 35 жас аралағындағы жастарды жазғы маусымдық жұмыспен қамтиды. Осылайша биыл Астанада 5 мыңнан астам адам қаланы көгалдандырып, табыс табады.

