Президент 22 сәуірді жер шарын көгалдандыру күні деп бекітуді ұсынды

Президент 22 сәуірді жер шарын көгалдандыру күні деп бекітуді ұсынды

22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп бекітуді ұсынамын. БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының Жалпы дебатында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді. Қазір планетада жаһандық жылу процесі жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан Қазақстан Президенті әлемдік қауымдастық алдында ғаламдық жылыну, су тапшылығы сияқты бірқатар проблемаларға да тоқталуды жөн көрген. Осы мәселелерді күн тәртібіне шығару үшін 2026 жылы Астанада өңірлік экологиялық саммит өтуі тиіс. Жаһандық экологиялық ахуалды реттеу науқанында Қазақстан қалыс қалған емес. Біздің елде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Мақсат - табиғатты сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық қозғалыс аясында биыл 934 шара ұйымдастырылған. Оған 4 млн-нан астам адам қатысып, 2,5 млн түп көшет отырғызылған. 900 мың гектар жер қоқыстан тазартылыпты.