Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, яғни экологтар күні. Осыдан 54 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы табиғатты қорғау мәселесін жеке қарауды ұсынған. Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болғандықтан, экология мәселесі біз үшін де ерекше маңызға ие. Осы датаға орай бүгін Алматы облысында экологияға өзіндік үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Алматы облысы табиғаты шұрайлы, аң-құсқа өте бай мекен. Осындай байлықты өзгеріссіз сақтау адамзат үшін міндетіміз. Әрине, аймақта мұндай ұстаныммен жүрген табиғат жанашырлары да жетіклікті. Дархан Бурабаев солардың бірі. Тау бөктерінде енесінен адасқан екі еліктің лағын құтқарғаны ерлігі бар. Міне, сол жақсылығы ескерліріп, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қолынан марапат алып отыр.