Балқаш көліне бара жатқан демалушыларға қолғап пен қап таратылды

Балқаш көліне бара жатқан демалушыларға қолғап пен қап таратылды

Жетісу облысында «ЕcoBalqash» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Балқаш көліне бағыт алған жолаушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған қаптар таратылып, жол бойында сондай-ақ аялдау орындарында қоқыс-қалдықтарды жинау ұсынылды. Ерекше форматтағы шараны Жетісу жастары ұйымдастырған. Акция барысында Талдықорғаннан Балқаш көліне шыға берер жолда start point  ал, көлге жеткен бетте finish point нүктесі орнатылды. Finish нүктесіне дейін қоқыс жинаған жолаушылар, арнайы сыйлықтарға ие болды.