«Таза Қазақстан»: 1600-ден астам сенбілік ұйымдастырылды
Тараз қаласының туған күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы
өтті. Қала жастары алдымен ірі көше
бойындағы ескерткіштер мен саябақтарды, су арналарын тазартты. Күл-қоқысын
шығарып, жасыл желекті абаттандырды. Акцияның басты мақсаты – тек сенбілікке
шығу емес, экологиялық сана қалыптастыру. Мамандар бұл іс-шараны тек бір күндік
науқан емес, қоғамдық мәдениеттің бастауы дейді. Айта кетейік, Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 1600-ден
астам сенбілік ұйымдастырылып, оған 214 мыңнан астам адам атсалысқан.

