Жамбыл облысындағы «Таза Қазақстан» акциясына 110 мың адам қатысты

Жамбыл облысындағы «Таза Қазақстан» акциясына 110 мың адам қатысты

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясының ауқымын арттыруда жастардың белсенділігі жоғары. Сондықтан «Байтақ» жасылдар партиясының өңірдегі өкілдері колледж студенттерімен кездесулерді жиі өткізіп тұрады. Соның бірі бүгін «Қазіргі заман» гуманитарлық-техникалық колледжінде жалғасты. Партия белсенділері елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа шақыруда жастардың үлесін жоғары бағалады. Өйткені аймақта акция басталғалы 110 мыңнан астам адам қатысса, оның тең жартысы жастар. Олар 60-қа жуық тарихи-мәдени ескерткіштерді, 100 мың шаршы метрден асатын  тұрғын үй аулаларын тазартқан екен.


Ихтияр Мырзахметов, «Байтақ» жасылдар партиясының өкілі:

- Жамбыл облысының өңірлік жастары да, тұрғындары да «Таза Қазақстанның» консепциясы төңірегінде өте жақсы белсенділігін көрсетіп жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 15 шағын ауданда 15 мың түптен тал егілді биыл. Жаңадан саябақтар ашылып жатыр.