Аса өзені қоқыстан тазартылды
Жамбыл жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
аясында өңірдегі ірі өзендердің бірі - Асаның жағасын тазартты. Еріктілер 5
шақырым аумақтағы тұрмыстық қалдықтарды, пластик бұйымдарды жинады. Қауіпсіздік
ережелері сақталды. Яғни жасыл-желекке зиян келтірілген жоқ. Экологиялық акция алдағы уақытта да жалғасады.

