Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі
Мәдениет қызметкерлері «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен
тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Жүзге жуық театр тарландары мен эстрада жұлдыздары қолдарына күрек-кетпен алып,
саябақ тазалауға шықты. Науқанның ұйымдастырылуына қалалық мәдениет басқармасы
мұрындық болған. Тазалық науқаны халықаралық «World Cleanup Day» күні аясында
ұйымдастырылды. Акцияға Мәдениет басқармасының қызметкерлері, басқармаға
қарасты мекемелер және елімізге танымал мәдениет жұлдыздары мен қайраткерлері
қатысты. Басты мақсат – шаһар тазалығын сақтау, қорғашан ортаға құрмет көрсету.

